Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Денесін құшақтап жыладым": Өктем Алтаев өмірден өткен қарындасын еске алып, көз жасына ерік берді

Опубликовано:

Өктем Алтаев
Өктем Алтаев. Видеодан кадр: "Алғашқы" бағдарламасы

Отандық сазгер Өктем Алтаев көлік апатынан қайтыс болған қарындасын еске алды. Әнші "Алғашқы" бағдарламасында бауырының қазасынан кейін құса болып, ән айта алмай қалғанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама тілшісінің мәліметінше, әншінің қарындасы Меруерт 24 жаста болған.

"Қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ. Әр адамның жүрегінде өшпейтін жара болады. Жылайтын себебіміз де бар. Қарындастың қайтқаны қиын болады екен. Тұрмысқа жаңадан шықты, албырт кезі еді. Балаларымның бәрін сол қарады. Оған сенетінбіз. Қазақта "Өлер бала өзгеше болады" деген сөз бар.

Абысынына көлік әперген. Сол көлікпен "Бақанастың ар жағындағы бір ауылға барамыз" деді. Барма дедік. "Барам" деп қоймады. Ойланам деп мені алдап шақырып алды да, менің бетімнен шол еткізіп сүйді. Ол ешқашан бетімнен олай сүйген емес. Шашымды қидыруға барған болатынмын. Бір кезде телефоныма хабар келді. Қарындасың жол апатына түсті деген болатын. Бірақ қайтыс болғанын айтпады.

Қапшағайға барып, жеңгесі екеуміз ақ матаға оралған денесін мәйітханадан алып шықтық. Қарындасымның денесін құшақтап, айқайлап жыладым. "Неге тыңдамай кеттің" деп қатты өкіндім. Құдайдың ісі ғой енді. Бәріміз ерекше жақсы көрдік. Содан кейін құсаға түсіп, даусым шықпай қалды. Бір жылға дейін ән айта алмай қалдым. "Бір Алла" деген әнді айтып, қайта сахнаға оралдым", - деді Өктем Алтаев.

Ал әншінің жұбайы марқұм қайынсіңлісінің қолында тұрғанын айтты.

"Ол қолымызда 6 жыл тұрды. Өте жақсы адам еді. Ешнәрсеге қимайсың. Ондай адамды көрген емеспін. Оныншы сыныпты бітірді де, біздің үйге келді. Қолында сөмкесі мен газеті бар. Сайран автовокзалынан күтіп алдық. Содан бастап біздің қыз болды. Өктем екеуміз тойға, концертке кетеміз. Балаларды сол тәрбиеледі десек те болады", - деді сазгердің жұбайы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2088815-denesin-qusaqtap-zyladym-oktem-altaev-omirden-otken-qaryndasyn-eske-alyp-koz-zasyna-erik-berdi/

pixel