Өктем Алтаев зират тазалаушы болып жұмыс істеген кезін еске алды
Жарияланған күні:
Отандық әнші, сазгер Өктем Алтаев Алматыға алғаш келген кезде немен айналысқанын айтты. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында Алматыға алғаш көшіп келген кезін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Сәбит Әбдіхалықов мені бір жыл "Өнер адамдарымен араластырайын" деп тойға ертіп жүрді. Алматыға волгамен келеміз. Қара волгадан анам мен мен, әйелім мен балаларым түседі. Көршілер "Сығандар көшіп келді ме?" деп таңғалған ғой. Көп баланы көрмеген ғой.
Әйелімді көпбалалы ана ретінде тіркеген. Медбике төрт баланың деректерін тіркеп, шаршаған ғой. "Қазақтар бала босана береді. Жап-жас болып, неге босана бересің?" деп ұрысыпты. Әйелім үйге жылап келді. Жұрт сұраса, баламның санын айтпайтын болдым. Мен жұмыссызбын. Әйелім көпбалалы ретінде жәрдемақы алады. Содан мені зират тазалауға жұмысқа орналастырды. Бейітті сыпырамын, орыстардың бейітінің шөбін тазалаймын", - деді Өктем Алтаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Өктем Алтаев жұбайын бір көріп ғашық болып, алып қашқанын айтты.
Сонымен қатар әнші өнерден отбасын жоғары қойған себебін баяндап берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2088881-oktem-altaev-zirat-tazalausy-bolyp-zumys-istegen-kezin-eske-aldy/