Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өнер - құрбандықты талап етеді": сазгер Өктем Алтаев жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Өктем Алтаев
Өктем Алтаев. Видеодан кадр: "Алғашқы" бағдарламасы

Әнші, сазгер Өктем Алтаев өнерден отбасын жоғары қойғанын айтты. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында балаларының әкесі барын сезінгенін қалайтынын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама барысында әншінің үш қызы әкесі жайлы естелік айтып, Өктем Алтаевты отбасы үшін өнерін құрбан еткенін баяндап берді.

Ал Өктем Алтаев не үшін отбасын таңдағанын ашып айтты.

"Өнер - құрбандықты талап етеді. Өнердің ең биігіне шығу үшін, сен барыңды салуың керек. Барыңды салатын болсаң, отбасың қалады. Ал мен отбасыда әкенің рөлі қандай екенін жақсы білемін. Сол себепті балаларымның жанында болғым келеді. Балаларым әкесінің бар екенін сезінгенін қалаймын. Сол себепті көп жерде отбасын таңдадым.

Өнерді таңдасаң, өте қиын. Өнер жолы - ауыр. Жұрттың сөзі, көзі болады. Көп ақша, азғыратын адамдар болады. Маған "Млн доллар берем, некемізді қидырайық" деген жандар болды. Ал мен әрқашан отбасын таңдадым", - деді Өктем Алтаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін сазгер жұбайын қалай алып қашқаны туралы айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2088749-oner-qurbandyqty-talap-etedi-sazger-oktem-altaev-zan-syryn-aqtardy/

pixel