Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол мені алдады": Мақпал Исабекова басынан өткен сәтсіз жағдай туралы айтты

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: instagram.com/makosyai

Қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова сұлулық салонына барып, үлкен қателікке бой алдырғанын айтты. Өнер иесі осыдан 10 жыл бұрын ернін жасатып, әлі күнге дейін оны бұрынғы қалпына келтіре алмай жүргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова Instagram парақшасында оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, өзі жайлы көпшілік білмейтін жайтты ақтарды. Өнер иесі 10 жыл бұрын ернін үлкейтемін деп, үлкен сәтсіздікке ұшырағанын айтты.

Әнші сол жағдайдан кейін косметолог мамандарға жүгінбейтін болғанын жасырмады.

"Ернімді үлкейтпегеніме 10 жыл болған шығар. Қазіргі тұрғаны алғаш рет жасатқанымнан қалғаны. Оны жасаған косметолог маман гель өзі сіңіп кетеді деген болатын. Көріп тұрғандарыңыздай, ол мені алдады. Мүмкін өзі де білмеген шығар. Тексерілмеген өнімді қолданған шығар.

Бұл түсініксіз гельді алдыртып тастауға бекінген болатынмын. Бірақ сосын аяғым ауыр болып, тісіме брекет салдырттым. Оның үстіне бала емізіп жүрдім. Енді міне тағы да аяғым ауыр болып қалды. Мына тіс пен балалардың жыры бітпейінше, гель де алынбайын деп тұр. Негізі ол маған кедергісін келтіріп тұрған жоқ. Бірақ мен өз ернімді қайтарғым келіп тұр", - деді Исабекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2088920-ol-meni-aldady-maqpal-isabekova-basynan-otken-satsiz-zagdai-turaly-aitty/

pixel