Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір толқында": Жанар Айжанова мен Айжұлдыз Адайбекованың видеосы жұрттың жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова анасымен
Айжұлдыз Адайбекова анасымен. Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Отандық эстрада жұлдызы Жанар Айжанова мен қызы, актриса Айжұлдыз Адайбекова Instagram желісінде видео жариялады. Бейнежазба оқырмандардың жүрегін елжіретті.

Жанар Айжанова мен Айжұлдыз Адайбекованың қарым-қатынасы желі қолданушыларын бұрыннан тамсандырады. Ал бұл жолы анасы мен қызы тойдан видео жүктеп, бір толқында екенін көрсеткен.

Кадрлардан Жанар Айжанова мен Айжұлдыздың бір-біріне қарап белгі беріп, бірдей ырғақта билегенін байқауға болады. Актрисаның өзі жазбасында анасын жан құрбысына теңейді.

Видеоны көрген желі қолданушалары жағымды пікірлер жазып қалдырды. Олар анасы мен қызының қарым-қатынасына тамсанатынын жасырған жоқ.

"Сіздерді жақсы көремін", "Анасы мен қызы бір-бірін осылай түсінгені қандай керемет", "Бір толқында", "Керемет" деді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2088923-bir-tolqynda-zanar-aizanova-men-aizuldyz-adaibekovanyn-videosy-zurttyn-zuregin-elziretti/

pixel