Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарыздармын": Гүлнұр Оразымбетова анасына жантебірентерлік жазба арнады

Опубликовано:

Гүлнұр Оразымбетова анасымен
Гүлнұр Оразымбетова анасымен. Фото: Instagram/gulnurorazymbetova

Қазақстандық танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова анасын туған күнімен құттықтап, желіде оған әсерлі жазба арнады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Гүлнұр Оразымбетова Instagram парақшасында анасына ақ тілегін жолдап, өзін өмірге әкелгені үшін алғысын айтты.

"22 саны мен үшін қастерлі, қадірлі, бағалы. Себебі,бүгін анамның туған күні. Ғұмырыңыз ұзақ болсын. Мені өмірге үлкен махаббатпен әкелгеніңіз үшін қарыздармын", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесінің анасын жарыса құттықтап, игі тілектерін білдірді.

"Анаңыз жүз жасасын", "Анаңыздың дені сау, жасы ұзақ болсын", "Қасыңызда ұзақ болсын", "Анашың аман болсын! Жып-жылы жүзінен күлкі кетпей, немерелерінің тойын көріп, шөбере қолынан май жаласын", "Анасы бар адамдар ешқашан қартамайды", "Анаңыз сондай сұлу", "Өте әдемі әйел екен", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2089376-qaryzdarmyn-gulnur-orazymbetova-anasyna-zantebirenterlik-zazba-arnady/

pixel