Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелді әйел қорғайтын заман болмасыншы": Мадина Сәдуақасованың видеосы елге ой салды

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова мейрамханада
Мадина Сәдуақасова мейрамханада. Видеодан кадр: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова қоғамда әйелдерге көрсетілетін қысым жайлы видео жариялап, елге ой салды. Өнер иесінің бейнежазбасы желіде қызу пікірталас тудырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова аталмыш видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Онда әншінің мейрамханаға кездесуге келгенін көруге болады. Сол сәтте әншіні танып қалған ер азаматтар онымен суретке түскісі келіп, өтініш жасайды.

Сәдуақасова еш ойланбастан тыңдармандарымен суретке түсуге келісіп, артынан өкініп қалады. Себебі ер адамдар өнер иесін жібермей, есін шығара бастайды. Әншіге қысым көрсетіліп жатқанына куә болған өзге ер азаматтар еш әрекет етпеген кезде оны қорғауға боксшы Балауса Мұздиман келеді.

"Әйелдің мықтылығы әлсіздікте" дейсіздер ма?! Ал бізді қатты қылатын кім? Әйел баласын тек әйел қорғайтын заман болмасыншы, тек", - деп жазды әртіс.

Желі қолданушылары бүгінде қоғамдағы өзекті тақырыпты көтерген әнші мен боксшыға тәнті болып, оларға қолдау көрсетті.

"Шынымен өмірден алынған жағдай ғой", "Әйелдердің құқығы енді ғана қорғалып келеді", "Әйел заты мына өмірде не көрмейді?", "Шынымен бір-бірімізді қорғамасақ. Бізге көмекке кім келер едйсің", "Өте өзекті әрі маңызды тақырыпты қозғапсыздар", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2089418-aieldi-aiel-qorgaityn-zaman-bolmasynsy-madina-saduaqasovanyn-videosy-elge-oi-saldy/

pixel