Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарызға алса да, тауып бергендер бар": Мирас Бекжанов әншілер тасқыннан зардап шеккендерге қалай көмектескенін айтты

Опубликовано:

Мирас пен Құралай
Мирас пен Құралай. Видеодан кадр: "Мархабат" бағдарламасы

Отандық жұлдызды жұп Мирас пен Құралай су тасқынынан зардап шеккен өңірдегі жағдай туралы айтты. "1001 түн" бағдарламасына келген Мирас Бекжанов жұлдыздардың аманатын арқалап барғанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

0Бағдарлама жүргізушісінің мәліметінше, әншілер Ақтөбе, Орал, Атырау өңірлеріне барған.

"Оңай нәрсе емес. Біз өнер адамдарының аманатын арқалап бардық. Құралай барған жоқ. Гүлзира Айдарбекова, Роза Әлқожа, Өктем Алтаев, Ерғали Әбдірайымов бардық. Оралда 500 адамды киіммен қамтамасыз еттік. Сол көлемнен аз емес затты Атырауға да алып бардық. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында халыққа рухани қолдау білдіріп, ән айттық. Бізді керемет қарсы алды. Жылағандар да, өкпесін айтқандар да бар.

Өнер адамдарын сынап жатыр дейміз ғой. Біреулер айтқан шығар. Он жылжымалы үй алдық. Атырау облысы, Ақтөбе облысы, Орал, Петропавл мен Торғайға екі-екіден бөліп бердік. Құдайға шүкір! Жүз мың теңгені қанша адам балаларының аузынан бөліп берді. Бәрі миллион теңгеге тойға шыға бермейді ғой. Арасында филармонияда жұмыс істейтіндер, танымал еместер, әншілікті енді бастағандар бар. Оның алдында Рамазан айы болды. Ораза уақытында той жоқ. Той болса, ақша бар. Той жоқ болса, ақша жоқ. Әншілер бизнесмендер емес қой. Қарызға алса да, жүз мың теңге тауып бергендер бар. Бата берудің орнына, теріс пікір жазғандар жүрекке тиді", - деді Мирас Бекжанов.

Еске сала кетейік, осыған дейін шоу-бизнес өкілдері жиналып, елімізде су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсеткені белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2089424-bari-mln-tengege-toiga-syqpaidy-miras-bekzanov-tasqynnan-zardap-sekken-onirlerge-bardy/

pixel