"2 млрд теңге таптым": Гүлнұр Мамасарипова кинодан түскен ақшаны қайда жұмсайтынын айтты
Жарияланған күні:
Продюсер Гүлнұр Мамасарипова осы уақытқа дейін түсірген фильмдерінен қанша пайда тапқанын айтты. Динара Сәтжанға сұқбат берген өнер иесі тапқан табысын қайда жұмсайтынын түсіндіріп берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Бүкіл фильмдерімнен қанша тапқанымды санамадым. Шамамен 2 млрд теңгедей шығар. Бірнәрсе айтып кетейін. Кинодағылар өтірік мақтанғанды жақсы көреміз ғой. Түсіндіріп кете салайынша, бәрі мені қырғын ақша тауып жатыр деп ойлайды ғой. Млрд деп алғанның өзінде киноны түсіруге - 150 млн теңге кетеді. Кинотеатр бірден 500 млн теңгесін алып қалады. Ол әлемдік тәжірибе.
Енді қалған 500 млн теңгенің 10 пайызын провайдер алады. Провайдер дегеніміз киноның прокатымен айналысады. Кинотеатрда киноңызды көрсетті ме, соны бақылайды. Сол үшін 50 млн теңге алып қалады. Кино түсіру үшін кеткен 150 млн теңгені қайтарасыз. Қалған 300 млн теңгеден 12 пайыз қосылған құнға салынатын салық (ҚҚС - ред.) пен 20 пайыз корпоративтік табыс салығын (КПН - ред.) төлейсіз. Сонда 150 млн теңге қалады. Ол ақшаға қайта кино түсіремін ғой", - деді Гүлнұр Мамасарипова.
Айта кетейік, Гүлнұр Мамасарипованың "Келінжан" телехикаясы, "Келінжан" фильмі мен "Жар-жар", "Ана жүрегі" фильмдері көпшілікке кеңінен танымал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2089469-2-mlrd-taptym-gulnur-mamasaripova-kinodan-tusken-aqsany-qaida-zumsaitynyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.