Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорқыныш болды": актер Дәурен Серғазин кинодағы әйел рөлі жайлы айтты

Опубликовано:

Дәурен Серғазин
Дәурен Серғазин. Видеодан кадр: Динара Сәтжанның бағдарламасы

Театр және кино актері Дәурен Серғазин жақында жаңа фильмге түсіп, әйел рөлін ойнады. Өнер иесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында кино саласында мұндай рөлге алғаш рет түскенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кино саласында бірінші рет әйел рөлін ойнадым. Театрда осыған ұқсас рөл бар, кейде ойнап тұрамыз. Алғашында қорқыныш болды. Алайда продюсер жақсы болды. Келістіріп, түсіндірді. "Жоқ" деп айтуға барып едім. Шайын беріп, келісіп қойдым.

Прототипті сізден алдым. Әлеуметтік желіге көп кіріп, сізді зерттедім. Сізге (Динара Сәтжанға - ред.) ұқсауға тырыстым. Жауапкершілігі үлкен, қорқынышты. Бірақ өнер адамдары әрқашан нартәуекел етіп тұрады. Әлі де қорқынышты. Мен фильмді әлі көрмедім", - деді Дәурен Серғазин.

Айта кетейік, бұған дейін Дәурен Серғазин жалдамалы пәтерде тұратынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2089472-qorqynys-boldy-akter-dauren-sergazin-kinodagy-aiel-roli-zaily-aitty/

pixel