Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Той қашан": сүйіктісін көрсеткен Айжұлдыз Адайбекованы оқырмандары сұрақтың астына алды

Жарияланған күні:

Айжұлдыз Адайбекова
Айжұлдыз Адайбекова. Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

Актриса Айжұлдыз Адайбекова осыған дейін көпшілікке сүйіктісі барын көрсеткен болатын. Әлеуметтік желіде кезекті видео жариялаған өнер иесін оқырмандары сұрақтың астына алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Айжұлдыз Адайбекова Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Айта кететіні, актриса сүйіктісі барын көрсеткенімен, оның бет-бейнесін құпияда ұстайды.

Бұл жолы да ол сүйгенімен құшақтасып тұрған видеосын көрсетті.

"Соңғы екі апта", - деп жазды Адайбекова.

Ал желі қолданушылары кезекті жазбасынан кейін Айжұлдызға сұрақ жаудырып, тойдың қашан болатынын сұрады.

"Той қашан?", "Актер жігіт қой", "Бақытты болуға лайықсыз", "Керемет", "Бақытты болыңыз", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, осыған дейін Айжұлдыз Адайбекова жеке басына қатысты жаңалығын бөліскен болатын.

Еске сала кетейік, Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова 2020 жылы Қыран Талапбекке тұрмысқа шығып, арада көп уақыт өтпей ажырасып кеткен болатын. Қазір олардың ортақ ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2089565-toi-qasan-suiiktisin-korsetken-aizuldyz-adaibekovany-oqyrmandary-suraqtyn-astyna-aldy/