Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі Бишімбаев емес": Ләйлә Сұлтанқызы тұрмысқа шыққысы келмейтін қыздарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: instagram.com/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы елімізде болып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылықтар салдарынан бүгінде тұрмысқа шыққысы келмейтін қыздардың саны артқанын айтты. БАҚ өкілі отбасылы болудан қорқып қалған аруларға үндеу жасап, ақыл-кеңесін берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы тұрмысқа шыққысы келмей қалған қыздар өз ортасында да бар екенін жасырмады. Тележүргізуші бұл жайтқа асқан алаңдаушылық танытып, Instagram желісінде жазба жариялады.

"Боянып отырғанмын. Есік ашылып, "мен күйеуге шықпаймын" деген сөздермен бір қызым (командамыздың мүшесі) кіріп келді. Мені бояп тұрған визажист те "мен де қорқамын шығуға" деп қостай кетті. Соңғы кездері жастардан бұл пікірді жиі естимін. Көбісі "Ұрып жіберсе қайтемін?", "Сөзге келіп қалудан қорқамын", "Көзіме шөп салса ше?", "Менің пікіріммен санаспаса не істеймін?", "Ата-енем қатал болса ше?", "Баламен ешқайда шығармай, үйде отырғызып қойса ше?" деген себептерді айтады.

Енді мені "неге тұрмыс құруды бақытсыздықпен тең көретіндер көбейіп кетті?" деген ой мазалауда. Бес саусақ бірдей емес. Күйеудің бәрі Бишімбаев сияқты деген сөз де емес. Білесіз бе, отбасы деген нағыз бақыт, бағалай білген адамға. Ішінде екі адамның бір-біріне деген қамқорлығы, мейірім, төзім, жақсы көру, сыйластық, бірігу, талпыну, армандау, мақсатқа жету сияқты қанша эмоция, іс-әрекет жатыр. Қыздардың бұл ойы мені қатты алаңдатады", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2089568-bari-bisimbaev-emes-laila-sultanqyzy-turmysqa-syqqysy-kelmeitin-qyzdarga-undeu-zasady/