Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық тележүргізуші Диана Қырықбай кіші қажылығын өтеді

Опубликовано:

Диана Қырықбай
Диана Қырықбай. Фото: instagram.com/diana_kyrykbay

Отандық тележүргізуші Диана Қырықбай кіші қажылығын өтеді. Ол ұмраға сапары жайлы Instagram парақшасына жазды.

Меккеге алғаш рет барған Диана Қырықбай өз суретін жүктеп, көпшіліктің алғысын алды.

"Аллаға сансыз шүкір. Кеше алғашқы ұмрамды жасадым. Дұға-тілектерімді жаратқан қабыл етсін. Көптен армандап жүрген кісілерге жұғысты болсын. алғысым шексіз. Ұстаздарымыз бен гидтеріміз білімімізді арттырып, білмеген тұстарымызды асықпай түсіндіріп, Қағбаға жеткенше қорған болып жүрді", - деп жазды ол.

Желі оқырмандарының арасында тележүргізушінің тұрмысқа шыққанын қалайтындар табылды.

"Ниетіңіз қабыл болсын", "Тұрмысқа шығатын амалыңызды тілеңіз", "Әп-әдемісің", "Алла бағыңды ашсын, қабыл болған қажылықтың сауабын жазсын" деді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2089583-otandyq-telezurgizusi-diana-qyryqbai-kisi-qazylygyn-otedi/

pixel