Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мына қолмен бір ұрсам, дымың қалмайды": отандық жұлдыздар тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Кенжебек Жанәбілов
Фото: Instagram/kenzhebekmuzart

Бүгінгі таңда қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы өзекті. Бұл ретте ел алдында жүрген отандық жұлдыздар аталмыш мәселеге қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды NEGE.KZ сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Музарт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов жұбайының қас-қабағына қарайтынын айтты.

Кенжебек Жанәбілов
Кенжебек Жанәбілов. Фото: instagram.com/kenzhebekmuzart

"Өз басым әйеліме қол көтерген емеспін. Алдымен қабағына қараймын. Егер қатулы болса, көңіл-күйін көтеруге тырысамын. Адам баласы отбасына оралғанда, сырттағы дүниені тысқа тастап келуі қажет. Күліп кірсең, үйдегілер де күліп қарсы алады. Ал ашуланып келсең, араға шайтан кіреді. Оның бәріне көзім жеткен. Бала-шаға өскенде, ұрыс-керіс дегенді тіпті ойламайды екенсің", - деді Кенжебек Жанәбілов.

Жеңіс Ысқақова отбасымен
Жеңіс Ысқақова отбасымен. Фото: instagram.com/zhenisiskakova

Ал Жеңіс Ысқақова күйеуі спортшы болса да, ешқашан қол көтермегенін айтты.

"Аллаға сансыз шүкір етемін. Себебі, қолы күректей спортшы болса да, күйеуім ешқашан қол көтерген емес. Әйтпесе, менің мінезімнің де оңып тұрғаны шамалы. Кейде сөзге келмей жатқанымда "Әй, мына қолмен бір ұрсам, дымың қалмайды ғой" деп шығып кетеді.

Өз өскен ортамда да солай. "Әй, әкеңнің аузы, жыныма тидің ғой" дегенде анам байқұс дыбысын шығармай, жым болатын. Бар болғаны сол. Төпештеп таяқтың астына алғанын көрмеппіз", - деді Жеңіс Ысқақова.

Болат Әбділманов
Болат Әбділманов. Видеодан кадр: Youtube/Khabar TV

Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткері, актер Болат Әбділманов жұбайына қол көтермегенмен тілі ұзын екенін жеткізді.

"Өмірімде әйелге қол жұмсап көрмеппін. Бірақ тілім ұзын. "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді" деген бар. Осыны білетін әйелім "Одан да бір ұршы" дейді. Ал мен қанша қатты ашулансам да, әйеліме қол көтерген емеспін. Қабырғаны, не болмаса өзімнің басымды бір ұруым мүмкін, ал әйел затын ұру еркектің әлсіздігі деп білем", - деді Болат Әбділманов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2089631-myna-qolmen-bir-ursam-dymyn-qalmaidy-otandyq-zuldyzdar-turmystagy-zorlyq-zombylyq-turaly-pikir-bildirdi/