"Бастамаларына сену керек": Мақпал Исабекова ер адамға мотивация беруге қатысты пікірін айтты
Жарияланған күні:
Отандық эстрада жұлдызы Мақпал Исабекова жақында тыңдарманын жақсы жаңалықпен қуантатынын айтты. Ол Instagram парақшасында ер адамға мотивация беруге қатысты пікірін де бөлісті.
Екінші рет ана атанғалы отырған әнші босанғанға дейін жаңа туынды жарыққа шығаратынын айтты. Осыған дейін өнер иесі өз туған күнінде жаңа әнінің тұсауын кескен еді.
Сондай-ақ Мақпал Исабекова ер адамға мотивация беруге қатысты өз пікірін жеткізді.
"Ер адамды қолдап, оның бастамаларына сену керек. Бірақ мотивация беруге қатысты білмеймін. Менің ойымша, әр ересек адам өз-өзін қамшылап, өз-өзін алға тарту керек", - деді әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2089844-bastamalaryna-senu-kerek-maqpal-isabekova-er-adamga-motivaciya-beruge-qatysty-pikirin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.