Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қырық жан бар бойымда": Ақбота Сейтмағамбеттің суреті көпшілікті шошытты (фото)

Опубликовано:

Ақбота Сейтмағамбет
Ақбота Сейтмағамбет. Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Актриса Ақбота Сейтмағамбет әлеуметтік желіге бетін қан басқан суретін жариялады. Желі қолданушылары әншінің бұл келбетінен шошып, оны сұрақтың астына алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бақ па, сор ма туылғаның қыз болып, Ныпсы гүл боп шығу қажет мұз жарып. Аламанға салсаң озар, әй қайдам, Пешенесі тұрғаннан соң тұзданып.

Мен -әйелмін, қырық жан бар бойымда, Шырқыраймын, талай уайым қойында. От шарпыса шыдай түсем ерімей, Себебі мен ұқсап кетем-шойынға... Бәлкім, бұл бақытсыздықтың ең сорақы көрінісі болар. Бәлкім, таңдауға келгендегі әлсіздік пен жаңылыс", - деп жазды Ақбота Сейтмағамбет Instagram-дағы парақшасына.

Ал желі қолданушылары актрисаның бұл суретін жарыса талқыға салды.

"Шошып кеттік қой", "Әр қыз бақытты болуға лайық", "Жамандық шақырып тұр ғой өзі", "Кино шығар", "Елді шошытпаңыз", "Өкінішті, Қазақстандағы ең өзекті тақырып қазір", "Құрсын, Ақбота! Кинодан үзінді болса да, мынадай суреттер салма. Қажеті жоқ", "Кинода да бақытсыз әйелдің рөлін сомдама. Көп әртіс кейіпкерінің өмірін қайталайтын жағдай сияқты болуы мүмкін", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2090009-qyryq-zan-bar-boiymda-aqbota-seitmagambettin-sureti-kopsilikti-sosytty-foto/

pixel