Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сәулелі сәттерге шүкір айтамын": Ерке Есмахан ұлының бес айға толғанын ерекше атап өтті

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Райм ұлымен
Ерке Есмахан мен Райм ұлымен. Фото: Instagram/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан ұлының бес айға толғанын ерекше атап өтті. Жұлдызды жанұя жақындарымен керемет кеш өткізіп, перзентіне тарту еткен сыйлықтарын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан ұлы Исламды бес айға толуымен құттықтап, Instagram парақшасында ерекше отбасылық суреттерді жариялаған. Ерлі-зайыпты баласына арнайы торт дайындатып, үйді шарлармен безендірген.

Артынан жұлдызды жанұя жақындарымен мейрамханаға барып, атаулы күнді тойлаған. Ерке мен Raim-ның достары бес айға толған Исламға алғашқы темір тұлпарын сыйға тартқан. Олар балаларға серуендеуге арналған кішкентай мотоцикл тарту еткен.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Ерке Есмахан бүгінде күйеуі мен ұлдарымен аса бақытты өмір сүріп жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2090042-sauleli-satterge-sukir-aitamyn-erke-esmaxan-ulynyn-bes-aiga-tolganyn-erekse-atap-otti/

pixel