Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Намазхандар қиянат істемейді деп ойладым": Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шықпаған қыздарға ақыл айтты

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Видеодан кадр: "Мамский әңгіме" бағдарламасы

Әнші Мөлдір Әуелбекова екінші некесінде күйеуінің төртінші әйелі болғанын айтты. Өнер иесі "Мамский әңгіме" бағдарламасында тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бес жыл бойы орамалға келе алмай жүрдім. "Тұрмысқа шығам, күйеуім мені бағады" деп ойладым. Екінші рет тұрмысқа шығатын кезде, осы мүмкіндікті жіберіп алмайын дедім. "Күйеуімнің артында тұрып, ұйып намаз оқимын" деген арманыма жеттім., Мені бақытқа бөлеген сәттер де бар. Бір күні күйеуім таң намазынан кейін "Саған орамал күшті жарасады" деді. "Онша шешпеймін" дедім. Ол да "Шешпе" деді. Содан кейін орамалға келдім.

Бірінші рет тұрмысқа шыққанда, ол кісі діннен бейхабар болды. Ол кісі бізді тастап кеткенде, "Намаз оқитын адамдар адал, қиянат жасамайды" деп ойлайтынмын. Бірақ екінші некем менің ол ойымды жоққа шығарды. Екінші рет тұрмысқа шығатынымды білдім. Себебі, өмірім бірінші некемен тоқтап қалмады. Екінші некемде күйеуім намазхан болса деген талабым болды. Намазхандар маған қиянат жасамайды деп ойладым. Өйткені, мен намаз оқимын. Намазға келгенде, діни білімің артады. Ер адам Алланың алдында әйелі үшін көп сұралады. Намазхан маған қиянат жасамайды, баласын тастамайды деп ойладым. Мені, баланы тастап кететіндей себеп жоқ қой. Шариғат бойынша тұрмысқа шықтым.

Менің қателігімді жас қыздар қайталамасын. Қарап тұрсаң, ақымақтық қой. Бір апта телефонмен сөйлескенмін ғой. Осыны тыңдап, сабақ алыңыздар. "Отызға келдім" деп бірінші тұрмысқа шақырған адамға жүгіріп кете салмаңыздар. Мен өте бақытсыз әйел болдым. Әртүрлі нәрсені естіп, сіздер қателік жасамаңыздар", - Мөлдір Әуелбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2090354-namazhandar-qiianat-istemeidi-dep-oiladym-moldir-auelbekova-turmysqa-shyqpagan-qyzdarga-aqyl-aitty/

pixel