Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір ұрды": Гүлнұр Мамасарипова түсірілім алаңындағы жас актердің әрекетін сынады

Опубликовано:

Гүлнұр Мамасарипова сұхбат кезінде
Гүлнұр Мамасарипова сұхбат кезінде. Видеодан кадр: Youtube/Jibek Joly TV

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова түсірілім алаңындағы жас актердің қылығын айтып берді. Өнер иесі Динара Сәтжанға берген сұқбатында адамгершілік қасиетті жоғары бағалайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен қашанда үлкен кісілерге "Сәлеметсіз бе?", "Сіз" деп тұрамын. Балаларыма да "Қанша жақсы көріп тұрсаң да, әжеңе сен деме. Сіз деп айт" деймін. Кеше ғана "Сәлеметсіз бе, Гүл әпше?" деп жүрген бір актер жігіт келді де, "Қалайсыз?" деп мына жерімнен (иығы - ред.) бір ұрды. "Бұлай істеуші болма" деп қойдық енді.

Олай істеуге болмайды. Өйткені, өмір тек биікте қалықтап тұрумен шектелмейді. Тартылыс заңы бар. Адам жас болады, қартаяды, әжім түседі. Сол сияқты қанша биікте тұрсаң да, Алла биікке түсіреді. Сондықтан "Бүгін биікте тұрмын" деп қателік істеп, болашақта Алла бергелі тұрған мансапқа жете алмауың мүмкін. Адамгершілік қасиеттер жоғары тұрғанда, адам да ұзағырақ өмір сүреді ", — деді Гүлнұр Мамасарипова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2090423-bir-urdy-gulnur-mamasaripova-tusirilim-alangyndagy-zhas-akterding-areketin-synady/

pixel