Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбдіжаппар Әлқожа 40 жасқа толған ағасының тойында 2 бауырына 2 көлік сыйлады

Опубликовано:

Әбдіжаппар Әлқожа көлікте
Әбдіжаппар Әлқожа көлікте. Видеодан кадр: Instagram/abdizhappar_alkozha

Әнші Әбдіжаппар Әлқожаның ағасы 40 жасқа толып, дүбірлі той өткізді. Өнер иесі қуаныш үстінде екі ағасына тосын сый қылып, екі көлік тарту етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгінгі қуаныш той құтты болсын! Менің бала кезімде қамқорлық жасап, иығына көтеріп өскен ағама сыйлығымыз бар. 40 жасыңыз құтты болсын! Арнайы бауырларыңыз бен өзімнің атымнан сізге көлік сыйлаймыз", - деді видеода Әбдіжаппар Әлқожа.

Сонымен қатар әнші екінші бауырына да мейрамханада көлік тарту етті.

"Студент кезімде көтермелеп, өзі 80 мың теңге жалақы алса да, қамқорлық танытқан ағама да көлік сыйлаймын", - деді әнші.

Желі қолданушылары әншінің ағасына істеген тосынсыйына таңғалып, жарыса пікір жазды.

"Бауыр деген сендей болсын", "Үлгі алатын адамсыз", "Жарайсыз", "Керемет", "Жұғысты болсын", "Бауырларына мейірімді қылып өсірген ата-анасына рақмет", "Еріксіз көзге жас келді", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2090741-abdizhappar-alqozha-40-zhasqa-tolgan-agasynyng-toiynda-2-bauyryna-2-kolik-syilady-video/

pixel