Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қос аққудай": қол ұстасып жүгірген Жазира мен Жанболатқа ел тәнті болды (видео)

Опубликовано:

Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыров
Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыров. Видеодан кадр: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова желіде жаңа видео жариялап, оқырмандар назарын өздеріне аударды. Қалың көпшілік ерлі-зайыптының махаббатына тәнті болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова күйеуімен түскен видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Онда жұлдызды жұптың қол ұстасып теңіз жағалауында жүгіріп жүргенін көруге болады.

Ерлі-зайыптының "Love Story" форматындағы бейнежазбасы бірден оқырмандардың ыстық ықыласына ие болды. Желі қолданушылары әншілердің махаббатына тәнті болып, оларға ақ тілектерін жаудырған.

"Осы кісілердікі нағыз таза махаббат. Болашақта осы жерде немерелеріңізбен жүгіріп жүру бұйырсын", "Теңіздегі қос аққаудай", "Ескірмейтін махаббат", "Әдемі жұп", "Жап-жас жұп сияқты", "Қандай керемет көрініс, жарасымды жұп. Ғұмырлы болыңыздар", "Осындай бақытты сәттеріңіз көп болғай", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2090744-qos-aqqudai-qol-ustasyp-zhugirgen-zhazira-men-zhanbolatqa-el-tanti-boldy-video/

pixel