Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Махаббат қаласындамыз": Фариза Төреәлі отбасымен Парижге ұшып кетті (фото)

Опубликовано:

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев
Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев. Фото: Instagram/farizatoreali

Қазақстандық танымал блогер Фариза Төреәлі отбасымен махаббат қаласы саналып кеткен Парижге ұшып барды. Желі жұлдызы бес айлық қызын алғаш рет шетелге алып шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлі Франция еліне саяхаттап кеткені жайлы Instagram парақшасында хабарлады. Блогер ару күйеуі мен қызымен әйгілі Эйфель мұнарасының қасында түскен суретін жариялаған.

Желі жұлдызы махаббат қаласын көру үлкен арманы болғанын айтты. Фариза Төреәлі сол арманын орындаған жолдасы Дархан Нортаевқа алғысын білдірді.

"Махаббат қаласы. Махаббатпен жасалған әр дүние жүрекке жетеді демекші Эйфель мұнарасы да Париждың жүрегі. Себебі бұл мұнараны Гюстаф Эйфель өз ғашығы Адрианаға арнаған. Мұнара да "А" әріпін көрсетіп тұрғаны да содан ғой шіркін.

Ғашықтық сезімі, шынайы махаббат алып шабытты оятып қазіргі күні қаншама туристтер осы туындыны тамашалауға сан түрлі елдерден келуде. Махаббатыңмен қол ұстасып, ең әсем сезімге бөленіп әлемді бірге шарлағанға не жетсін. Сіздерге де соны тіледім. Арманымды орындаған жүрегіме рахмет", - деп жазды блогер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2090786-mahabbat-qalasyndamyz-fariza-toreali-otbasymen-parizhge-ushyp-ketti-foto/

pixel