"Күйеуім қызғанады": Нұрболат Абдуллиннің жаңа фотосы қызу талқыға түсті
Жарияланған күні:
Отандық әнші Нұрболат Абдуллиннің әр жазбасы оқырман назарын аудармай қоймайтыны бұрыннан белгілі. Ал бұл жолы сері жігіттің Instagram желісіндегі суреті талқыға түсті.
Өнер иесінің өзі де жазбасын түрлі сөзбен түйіндеуді жақсы көреді. Бұл жолы әнші фотосының астына "Nurbolat деген есім өзі сондай, Mahabbat секілді 8 әріп" деп жазған.
Мұны көрген желі қолданушылары әншіге оң пікірлер жаудырды.
"Менің ғашығым десем, күйеуім қызғанады", "Өз-өзін жақсы көретін адам деп сізді көрсету керек қой", "Қандай керемет, жарайсың, жігіттің сұлтаны", "Менің есімім де 8 әріп екен", "Тарихта қалатын жігіт қой" деді көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2090810-kuieuim-qyzganady-nurbolat-abdullinning-zhanga-fotosy-qyzu-talqyga-tusti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.