Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәсекелес бола алмаймыз": Гүлнұр Мамасарипова актриса Дариға Бадықова туралы айтты

Жарияланған күні:

Гүлнұр Мамасарипова
Гүлнұр Мамасарипова. Видеодан кадр: Динара Сәтжанның бағдарламасы

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова фильмдегі саундтректің маңызы жайлы сөз қозғады. Өнер иесі Динара Сәтжанның бағдарламасында телехикаясына түскен актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайдың "Сезім үшін" әні туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Негізі саундтрек маңызын жойды деп ойлағанмын. Бұрын ол басты құралдың бірі еді. Алайда кейін оған аса мән берілмейтін үрдіс пайда болды. Тұрар Ыдырыс "Жар-жар" фильміне ән жазатын кезде Сарамен ұрысып қалды. Қырсықтық қой. Сол ән жазылмай, сәті түспей қалды.

Кейін "Таптым-ау сені" фильмінде Дариға Бадықова ән жазды ғой. Ол өте сәтті шықты, оны мойындау керек. Мен жалпы Дариғаны өзіме бәсекелес ретінде қарай алмаймын. Біз бәсекелес бола алмаймыз. Бірақ сол саундтректің сәтті шыққаны соншалық бірден халық арасында тарады. Көп қаралым жинады. Біздің қоғам махаббатқа зәру ғой. Қазақтар өліп бара жатса да бір-біріне "Жақсы көремін" деп айтпаймыз ғой. Фильмнің өзінде "Мен сені сүйемін" деп айту қиын ғой. Махаббат қазақтар үшін күрделі тақырып. Сондықтан Дариға мен Абай Олжастың, орта жастағы ер мен әйелдің соншалық бір-біріне сезіммен айтылған әні қоғамға өтіп кетті. Содан кейін "Құдай-ай, саундтрек шығара салу керек еді" деп ойладым. Сөйтіп осы жолы ән жазылды, тақырып келіп тұр. Екеуінің әні (Тұрар Ыдырыс пен Сара Амангелдінің - ред.) жарыққа шықсыншы дедім. Саунтрек қосымша қаралым жинайды ғой. Сондықтан оның зияны жоқ", - деді Гүлнұр Мамасарипова.

Еске сала кетейік, осыған дейін Гүлнұр Мамасарипова түсірген фильмдерінен 2 млрд теңге пайда тапқанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2090894-basekeles-bola-almaimyz-gulnur-mamasaripova-aktrisa-dariga-badyqova-turaly-aitty/