Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көңіліме алып қалдым": Сара Амангелді осыған дейін анасына неге қолдау көрсетпегенін түсіндірді

Опубликовано:

Гүлнұр Мамасарипова мен қызы Сара Амангелді
Гүлнұр Мамасарипова мен қызы Сара Амангелді. Видеодан кадр: REVUE NEWS бағдарламасы

Отандық продюсер Гүлнұр Мамасарипованың қызы, әнші Сара Амангелді осыған дейін анасына не себепті қолдау көрсетпегенін түсіндірді. Актриса өз ойын Instagram парақшасында айтты.

Отандық әнші жақында өзіне жазылған пікірлерді оқып, көңіл күйі түскенін жеткізді.

Көп ұзамай ол "Анаң өзі жүгіріп жүреді. Instagram желісіне қайта-қайта жазады. Неге жарнама жасап, ойын ойнатып, фильмге касса жинауға көмектеспейсің?" деген пікірді жариялады.

"Осы пікір келгенде көңіліме алып, ренжіп қалдым. Бірақ айтып тұрғаны рас, мойындаймын. Расында анам ешкімнен ешқашан көмек сұрамаған екен. Біреу тұрмақ, мені де оған араластырмайтын. Соған әбден үйреніп қалғанбыз. Иә, блогерлер де, қаншама әртіс, әншілер де біледі: анам ешқашан ешкімнен ештеңе сұрап жалынбаған. Содан кейін маған мұндай ой келмеген шығар. Соны айтқызбай-ақ істесем болар еді", - деді Сара Амангелді.

Актриса анасы Гүлнұр Мамасарипованың сүйікті ісімен айналысып келе жатқанына ұзақ уақыт болғанын атап өтті.

"Кішкентай кезімнен анам жұмыс істеп келе жатыр, бір күн отырған емес. Тіпті Ғайни туғанда да қарамай, жұмысқа шығып кеткен. Телеарнада жұмыс істеді, киноның түсірілім алаңдарына ілестіріп апаратын. Солай өстім. Бірақ анам ешқашан налыған емес, өйткені өз ісін жақсы көреді. Дегенмен әрдайым анам тек өзі жүреді екен. Киноға шақырып, шақыру жасайды. Соны мен ойламаған екенмін", - деді ол.

Анасына ақ тілегін арнаған Сара Амангелді оқырманын фильмді тамашалауға да шақырды.

"Мен негізі ақша санай алмайтын адаммын. Көп нәрсені айыра алмаймын. Бірақ киноға көп қаражат кететінін, анам қарызға ақша алатынын білемін. Касса жиналмаса, анамның көңіл күйі түседі", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2090993-kongilime-alyp-qaldym-sara-amangeldi-osygan-deiin-anasyna-nege-qoldau-korsetpegenin-tusindirdi/

pixel