"Жалынып шаршадым": әнші Индира Расылхан продюсерлерге өкпесін айтты
Жарияланған күні:
Жақында сахнаға оралған Индира Расылхан желіде жазба жариялап, өкпе-ренішін жеткізді. Бүгінде әншілік пен блогерлікті қатар алып жүрген өнер иесі сапалы видео контент жасай алмай жүргеніне күйінді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Индира Расылхан қазіргі заманның сұранысқа ие мамандарына жалынып шаршағанын айтып, оқырмандарына үндеу жасады.
"Мобилографқа бір жалынып, SMM мамандарына бір жалынып, продюсерлерге бір жалынып шаршадым. Өзімді өзім видоға түсіремін. Болды. Видеоларым нашарлау сапада болса мені түсінесіздер деп сенеміз", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Индира Расылхан бір кездері өнерден алыстап, психология саласына бет бұрған еді. Алайда жақында өнер иесі сахнаға қайта оралғанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2091512-zhalynyp-sharshadym-anshi-indira-rasylhan-prodiuserlerge-okpesin-aitty/