Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өнерден алыстап кеткен Индира Расылхан сахнаға қайта оралды (видео)

Опубликовано:

Әнші Индира Расылхан
Индира Расылхан. Фото: instagram.com/indirarasylkhan

Қазақстандық танымал әнші Индира Расылхан ұзақ уақыт үзілістен кейін сахнаға қайта оралды. Соңғы уақытта ол өнерден алыстап, психология саласына бет бұрған болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Индира Расылхан күтпеген жерден Instagram парақшасында сахнаға оралғанын хабарлап, тыңдармандарын қуантып қойды. Ол сахнада өнер көрсетіп жатқан сәтінен видео жариялап, ел назарына ұсынған.

Өнер иесі алдағы уақытта тек халал шараларға қатысатынын жеткізді.

"Менің сахнаға қайта шыққанымды күтіп жүргендер қайдасыздар? Мен де сіздерді сағындым. Сіздердің құрметтеріңізге осы сағынышты әнімді ұсынамын. "Биссмилләһ" деп бастадым. Шақыратын болсаңыздар, концерттерге және халал тойға ғана шығамын деп ескертіп қояйыншы. Мен сіздерді жақсы көремін жандарым сол", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073891-onerden-alystap-ketken-indira-rasylxan-saxnaga-qaita-oraldy-video/

pixel