"Біздікіндей махаббат тілеймін": Ерке Есмахан оқырмандарына жан сырын ақтарды
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан қазіргі уақытта қоғамда болып жатқан жайттарға қатысты пікір білдіріп, оқырмандарына жан сырын ақтарды. Өнер иесі көпшілікке шынайы әрі адал махаббат тіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан Instagram желісінде жаңа жазба жариялап, қоғамда болып жатқан жантүршігерлік оқиғалар жайлы сөз қозғады. Әнші ару оқырмандарына жолдасы екеуінің арасындағыдай махаббат тілеп, отбасылық өмірдің басты қағидаларын айтты.
"Қазір қоғамда болып жатқан жайттарға қарап, бәріңізге адал, шынайы махаббат тілегім келеді. Дәл біздікіндей. Отбасында ең маңыздысы сыйластық және өзара түсіністік", - деп жазды өнер иесі.
Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмаханның күйеуінің туған күнін қалай атап өткенін және оған қандай сыйлық тарту еткенін жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2091518-bizdikindei-mahabbat-tileimin-erke-esmahan-oqyrmandaryna-zhan-syryn-aqtardy/