Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзім сыйлықпын": Ерке Есмахан күйеуі Raim-ға туған күніне не сыйлағанын айтты

Опубликовано:

Райм мен Ерке Есмахан
Райм мен Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/raimusican

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан күйеуі Raim-ның туған күнін қалай атап өткенін көрсетті. Жұлдызды жанұя атаулы күнді тек отбасымен ғана тойлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан мен Raim туған күн кешін Алматыдағы бағалы мейрамханалардың бірінде өткізген. Ерлі-зайыпты перзенттерімен бірге кешкі ас ішіп қайтқан. Отбасылық отырыстың суреттерін әнші ару Instagram парақшасында жариялады.

Ерке Есмахан отбасымен
Ерке Есмахан отбасымен. Фото: Instagram/erke_esmahan

Сондай-ақ Ерке Есмахан жұлдызды күйеуіне қандай сыйлық жасағанын да айтты. Өнер иесі бүгінде жұмыс істемейтіндіктен, отағасына бағалы сый бермегенін мойындады.

"Өзім сыйлықпын саған. Мен жұмыс істемеймін, ақша таппаймын. Сол үшін өзіне өзі туған күніне сыйлық алды", - деп жазды әнші.

Эстрада жұлдызы күйеуінің Prada бутигінен өзіне киім таңдап жатқанын сәтінен видео жариялады.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2087465-ozim-syilyqpyn-erke-esmaxan-kuieui-raim-ga-tugan-kunine-ne-syilaganyn-aitty/

pixel