Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлын сүндетке отырғызған Серік Ибрагимов дүркіретіп той өткізді (видео, фото)

Опубликовано:

Серік Ибрагимов жұбайымен
Серік Ибрагимов жұбайымен. Скриншот: instagram.com/abdizhappar_alkozha

Әнші Серік Ибрагимов ұлына дүбірлі той өткізді. Өнер иесінің қуанышына шоу-бизнес өкілдері жиналды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тойға жиналған отандық жұлдыздар әлеуметтік желіде бұл күннің естелігін бөлісті.

Әншінің қуанышына жиналған шоу-бизнес өкілдері арасында Әбдіжаппар Әлқожа, блогер Елдос Колобок, Жанболат Найзабеков және тағы да басқа жұлдыздар бар.

Шоу-бизнес өкілдері
Шоу-бизнес өкілдері. Скриншот: instagram.com/abdizhappar_alkozha

"Кешкіге дайындық қызып жатыр. Қатты кетіп жатырмыз", - деді Серік Ибрагимов Instagram-дағы парақшасына жариялаған видеода.

Өнер иесі видео арқылы тойға дайындық барысын көрсетті.

Сонымен қатар мейрамханада қонақтар суретке түсуге арналған жерге "Хамза, сүндет той. 25.04.2024" деген жазуды байқауға болады.

Айта кетейік, Серік Ибрагимов пен жұбайы Айнамкөз бүгінде үш бала тәрбилеп отыр. Әншінің үшінші сәбиі биыл қаңтар айында дүние есігін ашты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2091530-ulyn-sundettegen-serik-ibragimov-durkiretip-toi-otkizdi-video-foto/

pixel