Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан үлкен ұлын туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан отбасымен
Ерке Есмахан отбасымен. Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан үлкен ұлы Муслимді туған күнімен құттықтап, аналық ақ тілегін жолдады. Өнер иесі тұңғышына ерекше тосынсый ұйымдастырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан ұлын туған күнімен қалай құттықтағанын Instagram парақшасында көрсетті. Raim екеуі түнгі он екіден кейін Муслимге торт тарту етіп, тосынсый жасаған.

"Мен үшін бәрібір кішкентай балапансың. Туған күніңмен жаным. Алла бақ берсін, ұлым. Інісі көкесіне торт дайындап, бірақ он екіге он минут қалғанда ұйықтап қалды, - деп жазды әнші.

Сонымен қатар өнер иесі тұңғышын алғашқылардың бірі болып, қазіргі ата-енесі құттықтағанын айтты.

"Өзіміз болып құттықтап, Оралдан мама, папа мен бауырлары да құттықтады. Сонымен тортпен шай ішіп отырмыз. Аллаға шүкір", - деп жазды Ерке.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2091563-erke-esmahan-ulken-ulyn-tugan-kunimen-erekshe-quttyqtady-video/

pixel