Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген ағылшын тілінде жаңа ән жарыққа шығарды

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Отандық әнші Димаш Құдайберген ағылшын тілінде жаңа ән жарыққа шығарды. Өнер иесі өз жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті.

Димаш Құдайбергеннің айтуынша, ол "Smoke" әнін алғаш рет Гонконгта орындаған.

"Менің "Smoke" атты жаңа туындым бұдан былай барлық музыкалық платформаларда қолжетімді. Естеріңізде болса, мен бұл әнді алғаш рет Гонконгтағы жеке концертімде орындаған болатынмын. Бұл ән тыңдарманның жылы лебізіне де ие болып үлгерген еді.

Осы орайда достарым Кэндис Келли мен Дмитро Гордонға аталмыш туындыны жасауға үлес қосқандары үшін ерекше алғыс айтқым келеді.

Ән сіздердің көңілдеріңізден шықты деген үміттеміз! Жақында Будапешт пен Стамбулда өтетін жеке концерттерімде кездескенше!", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2091974-dimash-qudaibergen-agylshyn-tilinde-zhanga-an-zharyqqa-shygardy/

pixel