Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұмытпай тұрғанда кірісейін": Ерке Есмахан жақсы жаңалығын жария етті

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде жақсы жаңалығын жариялап, тыңдармандарын қуантты. Екінші перзентін дүниеге әкеліп, декреттік демалысқа кеткен әнші енді шығармашылыққа кіріспек, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан шығармашылығын қолға алып жатқанын Instagram парақшасында хабарлады. Өнер иесі тыңдармандарына бір ән ғана емес, толық альбом ұсынбақшы.

Сонымен қатар эстрада жұлдызы жанкүйерлерінен қандай әндер ұнайтынын сұрады.

"Әнші екенімді ұмытыпай тұрғанымда жұмысқа кірісейін. Менен ән емес альбом күтіңіздер!Қандай тақырыпта хиттар жазғанымды қалайсыздар", - деп жазды Ерке Есмахан.

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдіріп, өзінің отбасылық өмірі жайлы сыр шерткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2092679-umytpai-turganda-kiriseiin-erke-esmahan-zhaqsy-zhangalygyn-zhariia-etti/