Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ерекше әсер етті": әнші Балжан Бидаш желіде жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Балжан Бидаш
Балжан Бидаш. Фото: Instagram/bidash_official

Ұзақ үзілістен кейін сахнаға қайта оралған Балжан Бидаш желіде жаңа жазба жариялап, жан сырын ақтарды. Өнер иесі "Егіз Лебіз" жобасына және футболшы Ұлан Қонысбаевқа алғысын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балжан Бидаш "Егіз Лебіз" жобасы өнерді қолға алуына елеулі септігін тигізгенін жасырмады. Әнші ұзақ үзілістен кейін сахнаға оралуы дәл осы бағдарламадан басталғанын айтты.

"Шынайы сыр ақтаруға рұқсат етіңіздер. Расында кейде бір ғана жағдай бүкіл өмір туралы, қоғам, айналамыз туралы ойды өзгертуге септігін тигізеді. "Егіз Лебіздің" менің жүрегіме ерекше әсер етті. Нағыз жанашыр, адамдыққа толы ашық достықты тануға, тағы бір жақсы ортаның қалыптасуына әсері болды. Бәйге деп емес, бәсеке деп емес, біргеміз, барынша шынайылық, биікке ұмтыламыз дегенді көп естідім.

Үзілістен кейінгі сахнаға қалыптасуым да осыдан басталды деп айтсам болады. Ұланға айрықша алғыс айтамын. Нағыз мақсатқа жете алатын, кез келген трансформацияға дайын, ашық мінезді ер азамат, жақсы дос, тіпті бауырымдай қамқор, қолдаушы бола білді. Басқа қатысушы жігіттер де қыз сыйлай білетін, әріптестік әдепті білетін, сөзсіз түсіне алатын нағыз азаматтар. Әркез жаным деп тұратын, қуанышыңмен ортақ бола алатын құрбыларым қандай десеңізші. Әсіресе бұл жоба әріптестермен өткізген ыстық күндерімен есте қалды. Әрі қарай достығымыз жалғаса беруде", - деп жазды Балжан Бидаш Instagram парақшасында.

Сонымен қатар өнер иесі жоба барысында өзіне қолдау білдірген көпшілікке алғысын айтты.

"Қысқасы, бұл әлемде ақ жүректі адамдар өте көп және соған көз жеткізген "Егіз Лебіз" ұжымына және әрдайым маған сеніп, жанашыр болған желідегі достарыма, әр апта сайын бізді эфирде күтіп отыратын көрермендерім сіздерге мың алғыс. Айрықша атап өтетінім - жобаға әншілер іздегенде бірден мені ұсынған Бағым Мақсатқызы мен Алтынбек Рахметовке рахмет. Бұрынғы шәкірт деген ұғым жоқ, Баян мен Бағым ханымдарды үнемі қолдау көрсететін кең мінезі үшін жақсы көремін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2092697-zhuregime-lebi-kop-boldy-balzhan-bidash-zhelide-zhan-syryn-aqtardy/