Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Шаһизаданың жақындары оған естен кетпес тосынсый жасады (видео)

Опубликовано:

Шаһизада
Шаһизада. Фото: "Қыздар-ай" бағдарламасы

Отандық танымал әнші Шаһизада Байбатшанова жаңа жасын ерекше қарсы алды. Өнер иесін жақындары туған күнімен құттықтап, тосынсый жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Түнгі сағат 00:00-де келіп, құттықтаған жақындарыма рақмет! Тосынсый болды. Құттықтап, жазып жатқан достарыма, оқырмандарыма алғысымды айтамын. Маған тілеген тілектеріңіз орындалып, өздеріңізге еселеп қайтсын. Осы күніме, барыма шүкір", - деп жазды Шаһизада.

Видеодан құшақ толы гүлмен, сыйлықтары мен тортын арқалап келген әншінің жақындарын көруге болады. Олар әнші үйінен шыққан бойда, отшашу ұйымдастырған.

Ал желі қолданушылары Шаһизаданы туған күнімен құттықтап, жылы лебіз арнады.

"Жүзден асып, шалқып өмір сүр", "Туған күніңіз құтты болсын", "Бақытты болыңыз", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2092736-anshi-shahizadanyng-zhaqyndary-ogan-esten-ketpes-tosynsyi-zhasady-video/