jitsu gif branding logo appbranding logo app

Денсаулығы сыр берген Жахан Отарғалиев қазіргі жағдайын айтты

Жахан Отарғалиев
Жахан Отарғалиев. Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev

Қазақстандық танымал актер Жахан Отарғалиев біраз уақыт үнсіздіктен кейін байланысқа шығып, өзі үшін алаңдаған оқырмандарға қазіргі жағдайын айтты. Бұған дейін өнер иесі сырқаттанып қалғанын айтқан болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жахан Отарғалиев елімізде су тасқыны орын алған бойда туған жері Орал қаласына барып, жерлестеріне қолынан келгенше көмектесті. Алайда актер бұл сапары кезінде сырқаттанып, үйінен шыға алмай жатып қалған болатын.

Өнер иесі денсаулығы сыр бергенін Instagram парақшасында хабарлап, біраз уақыт бойы байланысқа шықпай қойды. Арада бірнеше күн өткен соң Отарғалиев желіде жаңа жазба жариялап, өзі үшін алаңдаған оқырмандарына қазіргі жағдайын айтты.

Актер бүгінде қасиетті Мекке қаласына жүр.

"Аллаға шүкір, менде бәрі тамаша, денсаулығым жақсы болды. Жаймен жаңа жобаның жұмысын бастадым. Бұйыртса мамырда кастинг болады. Бұл кино ерекше болмақ. Көп сұрақтың жауабын сол кинодан біле аласыздар. Ал менің толық жазылуыма шығуыма "Ихтикаф" себеп болды", - деп жазды ол.

Жахан Отарғалиевтың Stories-i
Жахан Отарғалиевтың Stories-i. Скриншот: Instagram/zhahan_utargaliyev

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.