Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Болашақ жұлдыз": қырғыз тілінде ән айтқан Бүркіттің ұлы елді тәнті етті

Опубликовано:

Бүркіт
Бүркіт. Фото: instagram.com/berkut_aibekjan

Отандық сахнада Бүркіт атымен танылған әнші Айбек Жансейітов үлкен ұлының видеосын бөлісті. Зейін қырғыз тілінде ән айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ал, кеттік", - деп жазды Бүркіт үлкен ұлының видеосының астына.

Ал Зейін қырғыз тілінде "Арман-ай" әнін айтқан. Баланың орындауын желі қолданушылары да оң бағалады. Олар баланың бойында ән айту қабілетімен қоса, би өнері де бар екенін айтты.

"Даусы анасына, қылығы әкесіне ұқсайды, талантты бала", "Анасы сияқты билейді, даусы мен өзіне сенімділігі әкесі сияқты", "Керемет, Қазақстаның болашақ жұлдызы", "Таланты ата-анасына ұқсайды", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2092838-bolashaq-zhuldyz-qyrgyz-tilinde-an-aitqan-burkitting-uly-eldi-tanti-etti-video/

pixel