"Итіме ескерткіш қоя алмадым": Қалдыбек Құрманәлі өлім аузында жатқан кезін еске алды
Жарияланған күні:
Отандық танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі басынан өткен ауыр кезеңді еске алып, жан сырын ақтарды. Өнер иесі денсаулығы сыр беріп, ажалдан қалай аман қалғанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қалдыбек Құрманәлі ажалмен бетпе-бет келген кезі туралы "Алғашқы" бағдарламасында айтты. Композитор сырқаттанып қалып, күрделі ота жасатуға мәжбүр болған.
Өнер иесі операция алдында бір істі соңына дейін жеткізе алмағаны үшін өкінгенін жасырмады. Ол Құтжолға атты итіне ескерткіш орната алмағанын күйінген.
"Сағат, минут санап кетесің ғой. Ауруханада дәрігер келіп "үш күннен кейін жасаймыз, екі күн қалды" деп айтып тұрады. Ол маған "ажалыңа екі күн қалды" дегендей естіледі. Бір палатада жалғыз өзім жаттым. Тірі қалуым бірінші құдайдың, екінші осы дәрігерлердің арқасы ғой. Ота алдында бір-ақ нәрсе ойладым. Ол менің Құтжол деген итім еді. Құтжолға кезінде "саған ескерткіш қоям" деп уәде беріп едім. Егер олай-бұлай боп кетсе, Құтжолға кім ескерткіш қояды деп уайымдадым. Сосын балаларыма хат жаздым. "Мен кетіп жатсам, жұрттың қарсылығын қарамай, ауылда Құтжолға ескерткіш қойыңдар" деп айттым. Балаларымның болашағын уайымдамадым", – сазгер.
Қалдыбек Құрманәлі итіне не үшін ескерткіш қойғысы келгенін де түсіндірді. Сөзінше, Алматыға алғаш рет кеткен кезде иті оны ауылдың сыртына дейін жүгіріп, шығарып салған.
"Бір анадан 8 ұл, 4 қыз едік. Қазір соның жартысы ғана қалдық. Ауылдан ең соңы боп мен кеттім. Сонда Құтжол мені ауыл сыртына дейін артымнан қалмай, ілесіп шығарып салған. Кейін балам Мұхтар Шахан мүсінші мамандығында білім алып, дипломдық жұмысына "Қара шаңырақты күзеткен Құтжол" деп итімнің мүсінін жасады. Оны қазір ауылда тұрып жатқан үйімнің ауласына орнаттым. Енді Созақтан Жезқазғанға қарай шығатын үлкен жолдың бойына да Құтжолға арнап ескерткіш қоямын", – деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2092865-itime-eskertkish-qoia-almadym-qaldybek-qurmanali-olim-auzynda-zhatqan-kezin-eske-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.