Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәңгі есімде қалады": блогер Әсел Асқар әкесіне жантебірентерлік жазба арнады

Опубликовано:

Әсел Асқар әкесімен
Әсел Асқар әкесімен. Фото: Instagram/ assel.askar

Отандық блогер Әсел Асқар бала кезіндегі қызықты сәттерін еске алып, әкесіне жантебірентерлік жазба арнады. Ол жүрекжарды сөздерін Instagram парақшасында жазды.

Блогер әкесімен 25 жылдан кейін ғана қыдырғанын айтып, көпшіліктің назарын бірден аударды.

"25 жылдан кейін әкеммен бірге достарының қуанышты кешіне бардық. Бұрын оның қасынан қалмайтынмын. Мені қызыл көлігіне отырғызса, өзімді ханшайым сезінетінмін. Маған бәріне рұқсат беретін. Өзім алдыңғы орындыққа отырып алып, сұрақ қоюды жақсы көретін едім... Қазір есіме алсам, еріксіз жымиямын.

Уақыт өтіп жатыр. Ал сол сәттер дәл кеше болғандай есімде. Өйткені әкеммен бірге уақыт өткізу мен үшін ерекше сезім еді. Әкемнің досын немересімен құттықтауға келдік. Дәлірек айтсақ, "тұсау кесер". Маған да жұғысты болсын дедік. Бәрін көріп, "Бармысың бауырым" бағдарламасындағыдай құшақтастық. Анамды сұрап, сәлем айтты (әкемнің достары мен әйелдері анамды қатты жақсы көреді). Менің бала кезімдегі шалалықтарымды айтты.

Естеліктер кеші, дәмді бешбармақ, әкеммен билеген би (айтпақшы, бірінші де, екінші де некемде билемедім) мәңгі есімде қалады", - деді ол.

Блогер әкесіне шақырғаны үшін алғыс айтуды ұмытқан жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2092952-manggi-esimde-qalady-bloger-asel-asqar-akesine-zhantebirenterlik-zhazba-arnady/