jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Өте қамқор": Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі туралы айтты

    Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен
    Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен. Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

    Отандық танымал актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова жеке өмірі жайлы сыр шертіп, желіде сүйіктісі туралы айтып берді. Өнер иесі бұл қарым-қатынасында аса бақытты екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айжұлдыз Адайбекова Instagram парақшасында оқырмандарын қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді. Желі қолданушыларының көбісі актрисадан жеке өмірі жайлы сұрады.

    Бұған дейін тек ғашығымен түскен суреттерін жариялап келген өнер иесі бұл жолы оның бойындағы ерекше қасиетті айтып берді.

    "Оның қамқорлығы - ең үздік сыйлық", - деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.

    Сонымен қатар блогер ару махаббат пен мансаптың арасынан нені таңдайтынын айтты.

    "Махаббат бар жерде мансап та болады. Махаббат бәрін шешеді. Біріншіден өзіңе деген махаббат болу керек. Бір нәрсені жасап, қателесіп, мықты адам болудан қорықпаңыздар", - деп жазды ол.

    Айжұлдыз Адайбекованың Stories-i
    Айжұлдыз Адайбекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.