Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басқа қызға үйлену керек едім": Қалдыбек Құрманәлі әйелі екеуі жайлы ел білмейтін құпияны айтты

Опубликовано:

Қалдыбек Құрманәлі
Видеодан кадр: Youtube/Hit TV

Қазақстандық танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі келіншегімен алғаш танысқан кезін еске алып, өзі туралы ел білмейтін құпиясын ашты. Өнер иесі бастапқыда мүлдем басқа қызға үйлену керек болғанын айтып қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қалдыбек Құрманәлі үйлену тойына дайындалып жүрген кезде достарымен бас қосып, отырыс ұйымдастырған. Сөзінше, сол отырыста қазіргі келіншегі оған "Бақытты болыңыздар" деп тілек айтқан.

Алайда композитор бастапқыда таңдаған арумен емес, сол тілек айтқан бойжеткенмен отбасын құрған.

"Халық білмейтін құпиямды айтайын. Осы үйленуіме қатысты ешжерде айтпап едім. Үйдегі жеңгелеріңнен бұрын басқа қызға үйленетін болғанмын. Дастархан жайып, ортаға аққу мен екі сақинасы бар тортты алдырып, отырыс жасағанбыз. Сонда қазіргі келіншегім "Қалдыбек аға, бақытты болыңыздар" деп тілек айтқан. Бірақ ол қызға үйленбей қалдым. Арада екі ай өткенде Эльмирамен бас құрадық. Жеңгелеріңе үйленген кезде ол екінші курста оқитын студент еді", - деді Қалдыбек Құрманәлі "Алғашқы" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2093060-basqa-qyzga-uilenu-kerek-edim-qaldybek-qurmanali-aieli-ekeui-zhaily-el-bilmeitin-qupiiany-aitty/