Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көңілім құлазыды": қыз ұзатқан Гүлнұр Оразымбетова көз жасына ерік берді (видео)

Опубликовано:

Гүлнұр Оразымбетова
Гүлнұр Оразымбетова. Фото: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Отандық танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова желіде қыз ұзатқан сәтінен видео жариялап, тойдан алған ерекше әсерін айтты. Өнер иесі қыз ұзатудың бейнежазбасын көріп, көз жасына ерік бергенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлнұр Оразымбетова қыз ұзатудың видеосын Instagram парақшасында жариялаған.

Бұрыннан қыз ұзатып жүрген өнер иесі бұл тойдың өзі үшін ерекше өткенін айтты. Шоу-бизнес жұлдызы дәл осы ұзатуда көңілі құлазып, жылап қалғанын жеткізді.

"Тағы бір аруды ұзаттым. Осы видеоны көріп, көңілім құлазып тұрды ма білмеймін. Бірақ жылап қалдым. Көзден шыққан жас тек қуаныштан болсыншы. Сіз сүйген жан қадіріңізді біліп, бағалап, алақанында аяласын", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Оразымбетоваға қолдау білдіріп, түрлі пікір қалдырды.

"Өз тойыңыз есіңізге түсіп кетті ма?", "Әйелді әйел ғана түсінеді ғой. Содан болар", "Бұйыртса өзіңіз қызды болып, қызыңызды ұзатуды нәсіп етсін", "Бақытты болсын", "Ұзатуда жыламайтын адам жоқ шығар", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2093555-kongilim-qulazyp-turdy-qyz-uzatqan-gulnur-orazymbetova-koz-zhasyna-erik-berdi-video/

pixel