Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем санама сіңірген": ешкімге қарыз бермейтінін айтқан Тамара Асар қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Тамара Асар
Тамара Асар. Скриншот: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Отандық әнші Тамара Асар ешкімге қарыз бермейтінін айтып, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Видео әлеуметтік желіде кеңінен тарады.

Жақында әншіге "Ең үлкен сомадағы қарызыңыз қанша?" деген сұрақ қойылған.

"Мен қарыз алмаймын, қарыз бермеймін. Бала күнімнен әкем санама солай сіңірген. Қарыз бермеймін, бірақ жақыным болса, қарыз сұраған соманың жартысын сыйға беремін. Қарыз бергенде қарым-қатынас бұзылады. Несием жоқ", - дейді әнші.

Мұны көрген көпшілік бірден өз пікірін жаудырды.

"Мен де сұрамайды екенмін", "Ойланбастан қарыз беремін, адам қылысып тұрады ғой, онда тұрған ештеңе жоқ", "Қарыз берудің сауабы садақадан мықты", "Қанша адам қарызды қайтармай, жер басып жүр", "Керемет ұстаным", "Дұрыс екен", "Сол бермеген дұрыс" , - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2093597-akem-sanama-singirgen-eshkimge-qaryz-bermeitinin-aitqan-tamara-asar-qyzu-talqyga-tusti/

pixel