Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Adam-ның "Жүрек" әні әлеуметтік желілерде 5 млрд рет тыңдалды

Опубликовано:

Adam
Adam. Фото: Instagram/ adam_official

Adam лақап атымен танымал отандық әнші Фаррух Тохтамұратовтың "Жүрек" әні әлемге танылып жатыр. Оның туындысы әлеуметтік желілерде 5 млрд рет тыңдалған. Бұл жайында отандық журналистер мен желі қолданушылары жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Азғантай уақытта Еуропаны да, Қытайды да бағындырған ән Youtube желісінде 52 млн қаралым жинаған. Ал Shazam әлемдік рейтингісінде бұл туынды 17-орында тұр. Танымал TikTok желісінде "Жүрек" әні 5 млрд рет тыңдалып, вирусқа айналды.

Фаррух Тохтамұратов - Жамбыл облысы Меркі ауданының тумасы. Ал "Жүрек" - оның қазақ тілінде жазған алғашқы әні.

Осыған дейінгі сұхбаттарында әнші өз әні мұндай танымалдылыққа ие боларын білмегенін айтқан еді. Ал қазір қазақ тілінде еркін сөйлейтін Adam Еуропа елдерін аралап, алғашқы концертін беріп жүр.

Shazam рейтингі
Рейтинг. Скриншот: shazam.com

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2093684-anshi-adam-nyng-zhurek-ani-aleumettik-zhelilerde-5-mlrd-ret-tyngdaldy/

pixel