"Төрт көзіміз түгел болсын": Немерелерімен қауышқан Гүлзира Айдарбекова елді сүйсінтті (видео)
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде ерекше отбасылық видео жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Қайрат Нұртастың анасы көпшілікке немерелерімен кездескен сәтінен үзінді көрсеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Гүлзира Айдарбекова немерелері мен келіндерінің ортасында түскен видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Бейнежазбада Қайрат Нұртастың балалары да бой көрсетті. Әншінің ұл-қыздары ата-әжесін құшақтап, оларға еркелеп жатқанын көруге болады.
"Еліміз тыныш, жұртымыз аман, отбасымызда төрт көзіміз түгел болсын", - деген жазба қалдырды продюсер.
Сонымен қатар отбасылық дастарханда Айдарбекованың қос келіні Әйгерім Саркенова мен Индира Мәуленова да отыр. Алайда бұл отырыста Жұлдыз Әбдікәрімова көрінбеді.
Желідегілер жұлдызды отбасына тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірген.
"Келіндері қандай күшті. Немерелері де көз тоярлық. Көз тимесін", "Бақыт деген осы", "Немерлеріңнің ортасында жүргенге не жетсін?", "Қандай керемет көрініс. Бақытты болыңыздар. Немерелеріңіз көбейе берсін", "Жұлдыз неге көрінбейді?", "Жұлдыз келмегеніне ешкімнің басы ауырмасыншы. Әркім өз өмірін сүрсін", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2094422-tort-kozimiz-tugel-bolsyn-nemerelerimen-qauyshqan-gulzira-aidarbekova-eldi-suisintti-video/