"Ештеңе жасырмаңыздар": Ләйлә Сұлтанқызының анасы ерлі-зайыптыларға кеңес берді (видео)
Жарияланған күні:
Отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының анасы ерлі-зайыптыларға кеңес берді. Ол ең жақын дос өмірлік серігің екенін айтып, жұбайыңмен сыйластықта өмір сүрудің маңыздылығын түсіндірді.
Видеоны журналист Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Ең жақын дос - өмірлік серігің. Дастарқан басында үлкендердің әңгімесі тұнып тұрған философия ғой. Анамның әр әңгімесіне қайталаңызшы-қайталаңызшы деп осылай жазып алуға тырысамын. Мұның бәрі естелік, тарих. Жұбайлар бар әңгімесі таусылған, ал махаббат-таусылмайтын әңгіме" , - деп жазды Ләйләнің өзі.
Ал видеода тележүргізушінің анасы ерлі-зайыптылардың арасындағы сыйластықтың маңыздылығын түсіндірген.
"Ерлі-зайыптылар, мүмкін болса бір-бірлеріңізден ештеңе жасырмай, жақсы әрі достық қарым-қатынаста өмір сүрсеңіздерші. Балалық дос дейді, орта буындық дос дейді, сыныптас дос дейді, жора-жолдастар деп жатамыз.
Кейіннен ерлі-зайыпты болып, үйленіп, отау құрғаннан кейін жолдастар болады. Ең жақын досы өз жары мен ері: сырларын бірге айтады, отырып бірге шешеді, қатты сөйлеп қалса, жары кешірімді болады", - деді Ләйлә Сұлтанқызының анасы.
Көпшілік журналистің ақ жаулықты анасына ұзақ ғұмыр тіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2094494-eshtenge-zhasyrmangyzdar-laila-sultanqyzynyng-anasy-erli-zaiyptylarga-kenges-berdi-video/