Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішіп алғансыз ба": Әбдіжаппар Әлқожаның биі желіде қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Әбдіжаппар Әлқожа
Әбдіжаппар Әлқожа. Фото: instagram.com/abdizhappar_alkozha

Отандық әнші Әбдіжаппар Әлқожаның билеген видеосы көптің қызу талқысына түсті. Эстрада жұлдызы бейнежазбаны Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Өнер иесі видео астына ағылшын тілінде "Түн, бүгінгі кешкі сәттер" деген жазба қалдырған.

Мұны көрген көпшіліктің пікірі екіге бөлінді.

Бірі әншіге өз биі жарасқанын айтса, енді бірі оның бұл өнеріне шүйліккен.

"Дені са адамның биі емес", "Биді жіберетініңіз бар", "Бөлек", "Керемет би", "Біртүрлі", "Ішіп алғансыз ба, жараспайды", "Нағыз жігіт", "Сізге салмақтылық жарасады", - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2094803-iship-algansyz-ba-abdizhappar-alqozhanyng-bii-zhelide-qyzu-talqyga-tusti-video/

pixel