Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таңертең сәлем салады": Kalifarniya әйеліне қандай талаптар қояды

Жарияланған күні:

Kalifarniya әйелімен
Kalifarniya әйелімен. Фото: Instagram/aanelyin

Халыққа Kalifarniya лақап атымен танымал Фархад Қалиев жарына қандай талаптар қоятынын айтты. Әнші отбасылық өміріне қатысты "Taboo" бағдарламасында сыр шертті.

Өнер иесінің айтуынша, жұбайы Әнел ата-анасына сәлем салады. Ал жалпы отбасылық өмірде ерлі-зайыптылар арасында қатаң қағидалар мен талаптар жоқ сияқты.

"Біздің үйге қыспақ жоқ. Ата-анама таңертең тұрып сәлем салады, шай қойып береді. Одан басқа ештеңе жоқ. Әке-шешем "аман-есен жүре беріңдер" дейді. Өзі бәрін біледі", - деді әнші.

Осы тұста Фархад жұбайының концертте сәлем салуына қатысты пікір білдірді.

"Ол да қалжың ретінде айтылды. Жай ғана сол сәтті пайдаланғым келді", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Kalifarniya-ның "Аспан" әні кімге арналғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2095040-tangerteng-salem-salady-kalifarniya-oz-aieline-qandai-talaptar-qoiady/