Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төреғалиден кейін қанша жыл күттік": Фариза Төреәлінің әкесі 23 жасқа толған қызына әсерлі видео арнады

Опубликовано:

Фариза Төреәлі
Фариза Төреәлі. Фото: Instagram/farizatoreali

Күні кеше отандық блогер Фариза Төреәлі 23 жасқа толды. Төреғали Төреәлінің қарындасын жақындары Instagram желісінде жарыса құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық блогердің жекеменшік мерекесіне орай алғашқылардың бірі болып әкесі Төренұр Төреәлі лебіз білдірді.

"Бүгін Алланың бере салғаны, Төреғали Төреәліден кейінгі қанша жыл күтіп, армандап, тілеп алған қызымның туған күні. "Жалғызды жалғыз деме, жалғасы болмас" деп жатады, сол себепті жалғыз деп айтып көрмегенбіз. "Төреғалиға іні немесе қарындас бер" деп сұрағанбыз. Алланың қалауымен сан жылдар күткеннен кейін Фариза деген қызымыз өмірге келді.

Соның алдында анамыз өмірден қайтқан. Содан "бір қайғының артынан мың қуаныш" демекші, үлкен бір қуаныш болып, көңілімізді жұбатып, Фариза перзентіміз дүние есігін ашты", - деді Төренұр Төреәлі.

Төреғали Төреәлінің әкесі қызына жылы лебізі мен ақ тілегін айтып, оны туған күнімен құттықтау үшін түнде арнайы "Астана балет театрына" келгенін атап өтті.

Қарындасының қуанышына эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі де тілегін айтты.

"Құрметті де қымбатты, ардақты да аяулы қарындасым Фариза. Сені келіп жеткен туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын, алтыным. Осы бір жасың жағымды, жақсы жаңалықтарға толы болсын. Дархан екеуің бақыттың базарында, Алланың назарында бақытты да баянды ғұмыр кешіп жүре беріңдер.

Даратайдың соңынан кішкентайлар ере берсін, дүниеге балуандар келе берсін. Құдайым бергеніне берекесін бере берсін. Аман бол", - деді Фариза Төреәлінің ағасы.

Фариза Төреәліні туған күнімен құттықтауды жолдасы Дархан Нортаев та ұмытқан жоқ.

"Бүгін менің сүйіктімнің туған күні. Аллаға сансыз шүкір деймін. Қазір екеумізге қарап, қолымыздан бәрі келгенін түсінемін. Біз жеңіл жолдан өтпедік, алдымызда әлі үлкен саяхаттар күтіп тұр. Саған қолдауың, шабытың мен махаббатың үшін рахмет. Маған ханшайым сыйлағаның үшін алғыс айтудан жалықпаймын", - деп жазды Дархан Нортаев.

Фариза Төреәліні оқырмандары да құттықтап, ақ тілегін арнап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2095043-toregalidan-keiin-qansha-zhyl-kuttik-fariza-torealining-akesi-23-zhasqa-tolgan-qyzyna-aserli-video-arnady/