Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорғанатын дымымыз да жоқ": Дариға Бадықова ел алдына оққағармен шыққанына өкінетінін айтты

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: Instagram/dariga_badykova

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова көпшілік алдына оққағармен шыққан кезін еске алып, сол қылығы үшін әлі де өкінетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Өнер иесі ел арасында қызу талқыға түскен жағдайдың мән-жайын түсіндіріп, өзін қатты сөкпеуді сұрады. Бадықованың көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берген видеосы Tik-Tok желісінде жарияланды.

"Сол бір оққағар бәле болды. Біз ол кезде Атырауға корпоративке барғанбыз. Үлгермей кетті. Бір күнде 8 мейрамханаға тапсырыс түскен. Бізге де ақша түскен. Мамандығың сол ән айтып, би билеу болған соң жүреміз ғой. Бірінші күні ол оққағарларды алған жоқпыз. Нақтысы бермеді. Бұл – халықтың жылына бір көңіл көтеретін мерекесі.

Сосын жақсы көретін әртісін ұстап көріп, тартып көреді. Бұл өздерінің махаббаттары. Менде өзім ұнатқан адамымды ұстап көргім келеді. Сөйтіп, екінші күні үлгермеген соң, мейрамхананың өзі оққағар берді. Дұрыс түсініңіздер! Бұл біздің болдық, толдық дегеніміз емес. Осы оқиғадан кейін оққағар бәле болып жабысты. Қайсы біріне ақтала бересің. Халықтан қорғанатын дымымыз да жоқ", – деп ашуланды актриса", – дейді Дариға Бадықова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2095151-qorganatyn-dymymyz-da-zhoq-dariga-badyqova-el-aldyna-oqqagarmen-shyqqanyna-okinetinin-aitty/